АТЫРАУДА

«ИСАТАЙ-МАХАМБЕТ» АЛАҢЫ ҚОҚЫСТАН ТОЛЫҚТАЙ ТАЗАРТЫЛДЫ

1 маусымнан бастап Атырау облысы бас санитар-дәрігерінің қаулысымен карантин режимі тоқтап, блок бекеттер алынып, атыраулықтар күнделікті өміріне оралды.  Аталмыш күн «Балаларды қорғау» күнімен тұспа-тұс келіп,  көптен қыдырмаған қала тұрғындары орталық алаңға ағылып,  мерекені  тойлап, алаң көркін қашырып, қоқысқа толтырып кетті. 

«Атырау қаласы әкімдігі «Арнаулы автобаза» ЖШС-не тапсырма беріп, олар 2 маусым күні күндізгі 11:00 дейін Исатай-Махамбет алаңын қоқыстан толықтай тазартты» – depti Атырау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Айта кету керек, карантин режимі тоқталса да, сақтың шаралары сақталуы тиіс. Сондықтан балаларға арналған арнайы мерекелік іс-шара ұйымдастырылмады.  Орталық алаңға қыдырып шыққан атыраулықтарға  жабайы базарлар қызмет көрсетіп, отбасыға арналған көліктер жалға берілді. Алайда олардың  алаңда кәсіп дөңгелетуіне арнайы рұқсат жоқ. Бұл түйінді мәселені де қала әкімдігі қолға алып отыр.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button