АТЫРАУДА

КӨЛІК ЖҮРГІЗУШІГЕ 97 230 ТЕҢГЕ АЙЫППҰЛ САЛЫНДЫ

Атырау облысының Қызылқоға аудандық сотында Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 612-бабының 3-бөлігімен азамат Ә.Т.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

«Сотта анықталғандай, азамат Ә.Т. бұрын көлiк құралын басқару құқығынан айрыла тұра, Миялы ауылында көлік құралын басқарған. Сот отырысына Ә.Т. өз кінәсін мойындап, жасаған әрекетіне өкініш білдірді. Сот қаулысымен құқық бұзушы кінәлі деп танылып, оған 97 230 теңге әкімшілік айыппұл салынды» – depti Атырау облысы Қызылқоға аудандық сотының баспасөз қызметі.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button