АТЫРАУДА

КҮШЕЙТІЛГЕН КАРАНТИН КҮНДЕРІ ҮЙДЕН СЕБЕПСІЗ ШЫҚҚАНДАРҒА НЕ БОЛМАҚ?

Атырау облысында № 51 қаулының негізінде, 27-28 күндері күшейтілген  карантин режимін бұзғандар әкімшілік жауапкершілікке тартылады. 

Барлығымызға белгілі болғандай, ОССО, базар, супермаркеттер, шаштараз, кафе, сауна және т.б. мекемелер жұмысын уақытша тоқтатып, үй жанындағы дүкендер ғана 10:00-20:00 дейін  қызмет жасайды.

Сол күні полицейлер көшелерді күзетіп, рейд жүргізеді. Себепсіз көшеде жүрген адамдар мен көліктер тоқтатылып, қолғалыс себебі анықталады. Көшеге шығуы негізсіз болса, қаулы ережесіне сәйкес шаралар қолданылып, әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Егер жұмысқа жол тартсаңыз, рұқсатнама қағазы болу керек.

Айта кету керек, аталған күндері жұмысын тоқтатқан кәсіпкерлер өз мекемесінде залалсыздандыру жұмыстарын жүргізеді.

Өңірдегі короновирус инфекциясының ахуалы күрделіп бара жатыр. Облыс бойынша короновирусты жұқтырғандар саны 3209 адамға жетіп отыр. Бұл көрсеткіштің себебінен ауруханаларда орын тапшылығы мен дәрігерлердің жетіспеушілігі орын алып, екі күндік күшейтілген карантиндік шектеулерді енгізуге тура келді..

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button