РЕЦЕПТІСІЗ БОСАТУҒА ЖАТПАЙТЫН ДӘРІ-ДӘРМЕК САТҚАН ДӘРІХАНАЛАР АНЫҚТАЛДЫ

img top
Бізді әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

2019 жылдың қараша айында дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың бірыңғай дистрибьюторы базасында «СҚ-Фармация – Адалдық алаңы» жобалық кеңсесі ашылды.

«СК-Фармация – Адалдық алаңы» жобалық кеңсесі аясында жасақталған меморандумға сәйкес ағымдағы жылдың наурыз айында  ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Атырау облысы бойынша департаментінің және «Атырау- адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің қызметкерлерімен «құпия сатып алушы» әдісі арқылы рейдттік іс-шара ұйымдастырды. Нәтижесінде Департаментпен Атырау қаласының вокзал маңы мен «Дина» сауда орталығында орналасқан дәріханаларда мониторинг жүргізіліп, рецептісіз босатуға жатпайтын «Кетанов», «Кетарол», «5-НОК», «Но-шпа», «Цефазолин» препараттарының сатылатындығы анықталды. Шараның мақсаты – Қазақстан Республикасында тіркелмеген дәрілік заттарды бөлшек саудада өткізу, сондай-ақ рецепт бойынша міндетті түрде сатуға жататын препараттарды, оның ішінде күшті әсер ететін, есірткі құралдары мен психотроптық заттарды рецептісіз босату фактілерін анықтау болып табылады» – depti «Атырау – Адалдық алаңы» жобасының баспасөз қызметі.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған