САҒЫЗ ЖӘНЕ МҰҚЫР СЕЛОЛАРЫНДАҒЫ ЖОЛ ҚАЙТА ЖАҢҒЫРТЫЛАДЫ

8cb73947 d7a5 4118 9a42 27386ed7d0d5
Бізді әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

«Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы» РМК Атырау облыстық филиалы алғаш рет жергілікті жол сапасын тексеру үшін жеке компаниямен келісімшарт жасасты. 

Аталмыш филалдың баспасөз қызметінің хабарлауынша, филал басшысы Жантас Шәріпов пен «ГСКА-РиМ» ЖШС директоры Батырбек Қарабасов қол қойған құжат  Атырау облысы Қызылқоға ауданы Сағыз және Мұқыр селоларындағы 11,5 шақырым  жолды қайта жаңырту жұмыстарының сапасын тексеруге мүмкіндік береді. Екі селодағы кіреберіс және ауылішілік жолдарын қайта жаңғырту жұмыстары өткен жылы басталған. Биыл аяқталады деп күтілуде. 

«Салынған жол халыққа ұзақ уақыт қызмет көрсетуі қажет. Сондықтан біз  бірінші кезекте сапаға мән береміз.  Сол себепті де «Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы» Атырау облыстық филиалына сенім арттық», -дейді ЖШС директоры Батырбек Қарабасов.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған