АТЫРАУДА

ШҰҒЫЛ: АТЫРАУДА БІР ЖАРЫМ ЖАСАР БАЛА ЖОҒАЛЫП КЕТТІ

Бүгін, 20 мамыр күні шамаман күндізгі 13:30 шамасында «Жұлдыз» ықшам ауданының 10 көшесіндегі  №57 үйден бір жарым жасар бала шығып, кері оралмады. Есімі Әли. Бір аяғынан  ақсап жүреді.

Баланың үстінде қызыл клеткалы көйлек, қара келте шалбар, қоңыр түсті колготки болған.

Іздеуші топтың мәліметіне сүйенсек бала тұрған үйдің ауласы қоршалмаған. Сондықтан  бала емін-еркін көшеге шығып кетуі мүмкін.

«Жоғалған баланы іздестіру жұмысы жалғасуда.  Жұлдыз ықшам ауданының 150 тұрғыны, 50 ерікті және 20 әскери қызметкер жұмылды» – depti ПД баспасөз қызметі.

Баланы көрген, білгендер болса 102 нөміріне хабарласу сұралады.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button