АТЫРАУДА

ШҰҒЫЛ: Атырауда жас жігіт тұрғын үй төбесінен секірмекші болды…

Құтқарушылар екі қабатты тұрғын үйдің төбесінен секірмекші болған жігітті құтқарып қалды, деп хабарлайды @info_atyrau тілшісі.

Атырау облысы ТЖД Қоғаммен байланыс тобынан білгеніміздей, бүгін сағат 09:32 шамасында сall-орталыққа Атырау қаласы Огородная көшесіндегі екі қабатты ескі тұрғын үйдің төбесінен бір жігіттің секірейін деп тұрғаны жөнінде хабар түсті.

Атырау облысы ТЖД жедел-құтқару жасағының құтқарушылары сағат 09:41-де шақырту орнына жетіп, екі қабатты ескі қараусыз тұрған үйдің төбесінен масаң күйінде секірмекші болған 2004 жылғы азаматты альпинистік-құрал жабдықтардың көмегімен сағат 10:06 аман-есен жерге түсіріп, полиция қызметкерлеріне тапсырды.

Апаттық-құтқару жұмыстарына бір техника, төрт жеке құрам жұмылдырылды.

img 20210607 wa0033

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button