АТЫРАУДА

ТЕҢІЗ КЕНІШІНДЕГІ ЖАҒДАЙ: ІНДЕТТІ ЖҰҚТЫРҒАН ТАҒЫ 25 АДАМ ТІРКЕЛІП, ҮШЕУІ ШЕТ ЕЛ АЗАМАТТАРЫ

Аталған 25 адамның үшеуі Үндістан елінің азаматтары,  деп хабарлайды Атырау облысындағы төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі Жедел штаб.

Індетті жұқтырғандар кеніштен шығару кезінде жүргізілетін тест нәтижесінде анықталып отыр. Олар 1996, 1971, 1978, 1974, 1992, 1965, 1974, 1988, 1974, 1987, 1984, 1976, 1970, 1998, 1986, 1992, 1991, 1982, 1978, 1982, 1979, 1994, 1987, 1992, 1972 жылғы ер адамдар.

Барлығы инфекционды стационарға жатқызылып,  тиісті ем қабылдауда.

2020 жылдың 14 мамырындағы дерек бойынша Атырау облысында жұқпалы індетті жұқтырғандар саны 457 адамға жетті. Емделіп шыққаны 127.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button