АТЫРАУДА

ТҮРМЕДЕГІ БҮЛІКТІҢ СЕБЕБІ АЙТЫЛДЫ: ҚАН ЕМЕС КРАСКА…

Атырау қаласының уақытша ұстау изоляторында орын алған даудың себебі белгілі болып,, бүгін «Тергеу изоляторында орын алған жағдай» туралы брифинг өтті.
Брифинг барысында айтылған жайттар кешелі бері ақпараттық сайттарда жазылған мәліметтерге сәйкес келеді. Тек түсініксіз болып қалған бір мәселе бар.
Әлеуметтік желіде жарияланған бейнежазбада түрменің 3 қабатында қамауда жатқан адамдардың терезеден қанға боялған киімдерін шығарып, көмек сұрағанын көргенбіз.
Атырау облысы прокурорының орынбасары Бауыржан Жұмақанов изоляторда жатқандардың үстінен ешқандай қысым көрген белгілері табылған жоқ дей келе, қанға боялған киімдердің қайдан шыққанын түсіндірді: «Қамаудағылардың жейде, фудболкаларындағы қан емес. Олар еденнің қызыл бояуын қырып алып, ерітіп, киімдеріне жаққан».
Сонда олар еденнің бояуын қырып алу үшін қанша уақыт жұмсаған? Егер еденді қырса, қатты бояуды ерітсе, иісін бірде бір күзетші сезбеген бе?
Еске алсақ, абақтыда жатқа 5 адам әкімшілік қызметкерлердің тәртібіне бағынбай, өзге де істі адамдарды жаппай тәртіпсіздікке шақырған. Абақтыдағы адамдар санитарлы жағдайға, тамақтану мәселесіне, медициналық қызметтің жоқтығына наразылық білдіріп, қысым көріп жатқандарын туыстарына айтқан.
Қазіргі уақытта тергеу жалғасып, бүлік шығарған бесеудің үстінен белгіленген тәртіпке бағынбағаны үшін іс қозғалды.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button