АТЫРАУДА

ТЖ АЯҚТАЛҒАННАН КЕЙІН КӨШІ-ҚОН ПОЛИЦИЯСЫНЫҢ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУІНДЕ ҚАНДАЙ ӨЗГЕРІСТЕР ОРЫН АЛДЫ?

Қазақстан Республикасында төтенше жағдай режимінің аяқталуына байланысты Атырау облысының Полиция департаментінің Көші-қон қызметі басқармасымен 13 мамырдан бастап мемлекеттік қызметтерде  адамдардың топтануын болдырмау және санитарлық- эпидемиологиялық талаптарды қамтамасыз ету мақсатында төмендегідей кестеге сәйкес жұмыс жасайды.
1. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамына қарасты Халыққа қызмет көрсету орталығы Атырау облысы бойынша филиалы ( №1 бөлімінің мекенжайы: Атырау қаласы, Сатпаев көшесі №23, №2 бөлімінің мекенжайы; Атырау қаласы, Баймұханова көшесі 16 , № 3 бөлімінің мекенжайы: Атырау қаласы,Азаттық даңғылы 96б) Қазақстан Республикасы азаматтарын және шетелдіктерді Қазақстан Республикасының ықтиярхатымен құжаттандыру сағат 08.00-дан үзіліссіз 17.00-ге дейін және аудандар бойынша кестеге сәйкес 18 мамырдан бастап сағат 08.00-ден үзіліссіз 17.00-ге дейін мемлекеттік қызмет көрсетіледі. Мемлекеттік қызмет жеделдетіп қызмет көрсету «электрондық кезек» тәртібімен көрсетілетін қызмет алушының таңдауы бойынша 1414 Бірыңғай байланыс- орталығы арқылы жүгініп «электрондық кезекті» брондау арқылы жүзеге асырылады.
Бірінші рет жеке куәлік алушы 16 жасқа толған жасөспірімдерді Халыққа қызмет
көрсету орталығы арқылы жұмыс кестеге сәйкес сағат 17.00-ден 20.00-ге дейін қабылдайды.
3. Тізім бойынша тасымалдауға келмейтін зейнеткерлік жастағы адамдарды, мүгедектерді ХҚКО-мен қызметкерлерімен құрылған мобилдік топпен азаматтардың тұрғылықты мекенжайына бару арқылы құжаттандыру жұмыстары жүргізіледі.
4. Қала, аудандық көші-қон қызмет бөліністері 13-ші мамырдан бастап Қазақстан Республикасы азаматтығына қабылдау, шығу және қалпына келтіру бойынша сағат 08.00-ден 13.00-ге дейін және Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат алу мәселелері бойынша сағат 14.30-дан 18.30-ға дейін қабылдайды.
5. Ағымдағы жылдың 18-ші мамырдан бастап Қазақстан Республикасында шетелдіктерге уақытша тұруға рұқсаттарды беру бойынша заңды тұлғаларды қабылдау сағат 08.00-ден 12.00-ге дейін және Қазақстан Республикасының визаларын беру және ұзарту бойынша заңды және жеке тұлғаларды қабылдау сағат 14.30-ден 17.00-ге дейін (мекенжайы: Атырау қаласы, Абылхайырхана 55) мемлекеттік қызмет көрсетіледі.
6. Қазақстан Республикасында еңбекші көшіп келушілерге рұқсаттар беру немесе ұзартуларды ресімдеуді Атырау қаласы бойынша 18-ші мамырдан бастап сағат 08.00-ден 19.00-ге дейін, аудандық көші-қон қызметі бөліністері 13-ші мамырдан бастап қабылдауды жүргізеді.
Төтенше жағдай режимі кезекті аяқталғаннан кейін 60 күн ішінде жеке басты куәландыратын құжаттарын, визаларын, еңбек көшіп қону рұқсаттарын создырмаған Қазақстан Республикасы азаматтары, шетелдіктерге және азаматтығы жоқ адамдарға және шетелдік жұмыс күшін тартушы тұлғаға 2020 жылғы 16 наурызда төтенше жариялануға байланысты әкімшілік жауапкершілікке тарту шаралары қабылданбайды.
Сенім телефондары 98-20-53, 98-21-27, 98-20-50, 28-20-67.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button