10 ЖЫЛ БАС БОСТАНДЫҒЫНАН АЙЫРЫЛҒАН ЛАГЕРЬ ТӘРБИЕШІСІНЕ ҚАТЫСТЫ СОТ ҮКІМІ ӨЗГЕРІССІЗ ҚАЛДЫ (ВИДЕО)

1564554146 2aaa8587b14409fb
Бізді әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Еліміздегі өнер жұлдыздарының қолдауымен желіде қызу талқыланған 23 жастағы ақтөбелік лагерь тәрбиешісінің аппеляциясы қанағаттандырылмады, – деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

«Жас балаларды азғындық жолға түсірді» деген айыппен 10 жылға бас бостандығынан айырылған Әліби Өтепбергенге қатысты апелляциялық қаулы өзгеріссіз қалдырылды.

«Шабыт» университетінде оқыған белсенді студент 10 жылын қатаң режимдегі абақтыда өткізеді.

«Ақтөбе облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының қаулысымен жас балаларды сексуалдық сипаттағы азғындық жолға түсіргені үшін 10 жыл бас бостандығынан айыру жазасына сотталған Әліби Өтепбергенге қатысты үкім өзгеріссіз, сотталғанның апелляциялық шағымы қанағаттандырусыз қалдырылды», – деп хабарлайды облыстық сотының баспасөз қызметі.

Естеріңізге салсақ, өткен жылы жазғы демалысында балалар лагеріне жұмысқа орналасқан 23 жастағы студент қылмыстық жауапқа тартылған еді. Ол лагерьде бар-жоғы бес күн ғана жұмыс істеген.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған