3 МЛННАН АСТАМ ШАБАҚ ҚҰТҚАРЫЛЫП, ҚИҒАШ ӨЗЕНІНЕ ЖІБЕРІЛДІ

5101e0bc d749 437f 8376 f6e260f20716 1
Бізді әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Құрманғазы ауданы аумағында шамамен 3,5 миллиондай шабақ құтқарылды, – depti Атырау облыстық коммуникациялар қызметі.

20 тамыз күні Құрманғазы ауданының Бірлік ауылдық округіне қарасты Амангелді ауылы тұсындағы Ржанау сайына көктемде келетін судың тартылуы салдарынан шағын көлшік бөлініп қалған. Ондағы сазан және мөңке балықтарының шабақтарын құтқару үшін шұғыл шаралар қолға алынды.

Шараға жергілікті атқарушы орган, жануарлар дүниесін қорғау мекемесі қызметкерлері, ауылдың ерікті жастары, «Каспий балық» және «Амангелді» табиғат пайдалуанушылар қызметкерлері бар барлығы 60 адам жұмылдырылды.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған