САРАПТАМА

“АДАЛДЫҚ. ПАРАСАТТЫЛЫҚ.ӘДІЛДІК.” ОНЛАЙН ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ БАЙҚАУ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ

Атырау облысы тұрғындары арасында сыбайлас жемқорлық идеясын насихаттау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында «Атырау – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің «Сенім.Әділдік.Адалдық» онлайн шығармашылық байқауын өткізді.

Байқау талаптарына сәйкес қатысушылар әділдік, адалдық және парасаттылық тақырыбында ақын, жазушылардың немесе авторлық шығармаларды оқып, бейнероликті инстаграмм әлеуметтік желісіне жариялады. #1424, #жемқорлықтытоқтат хэштегтерімен «Атырау – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің @adaldyq_alany_atyrau парақшасын белгілеп, 50-ге жуық қатысушы байқауға үміткер болды. Десе де байқау шарттарын толық орындамаған 12 үміткер байқаудан шеттетілді. Нәтижесінде, жоғары ұпай жинаған 3 үміткер жүлделі орындарға ие болса, 10 үміткер ынталандыру сыйлықтарымен марапатталды.

Жүлдегер атанғандар:

  1. Ақтілек Абайқызы
  2. Айжанар Нұрлыбекқызы
  3. Таңатар Дәрелов

Ынталандыру сыйлығына ие болғандар:

  1. Серік Іңкәр Русланқызы
  2. Алтынзер Талғатова
  3. Наргиз Айтжанқызы
  4. Нұрайна Бейбітқызы
  5. Ертай Кеңес
  6. Айбат Сансызбаев
  7. Өмірбек Қайырболатұлы
  8. Үден Мадина
  9. Асылбек Әділбек
  10. Хасан Досболатұлы

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button