АТЫРАУДАСАРАПТАМА

АТЫРАУ ОБЛЫСЫНДА БИЫЛ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚТЫ ХАБАРЛАҒАН 8 АЗАМАТҚА 1 МЛН ТЕҢГЕДЕН СЫЙАҚЫ БЕРІЛДІ

Бүгін Атыраудағы «Antykor ortalygy«-ның ақпарат алаңында лауазымды тұлғаларға қатысты қозғалған қылмыстық істер бойынша брифинг өтті. Онда 5 айдағы жұмыстың қортындысы талқыланды.

«Сыбайлас Жемқорлыққа қарсы қызметінің Атырау облысы бойынша департаменті ағымдағы жылдың 5 айы ішінде 55 қылмыс тіркеді, оның 41% – ы ауыр және аса ауыр қылмыстар, 75% – ында сыбайлас жемқорлық белгілері бар.

Сыбайлас жемқорлық қылмысы үшін 27 адам тартылды, оның ішінде 7 мемлекеттік органдардың бірінші басшылары: 5 облыстық және 2 аудандық деңгейдегі басшылар.

Әкімдіктерде сыбайлас жемқорлық деңгейі жоғары – 32, денсаулық сақтау саласында – 17, мемлекеттік сатып алу саласында – 21, мемлекеттік бағдарламаларда – 8, әлеуметтік бағдарламаларда – 9, құрылыс саласында-5.

Мемлекетке келтірілген залал 1,1 млрд. теңгені құрады, оның 98%-ы өндірілді», – depti Сыбайлас жемқорлыққа қарсы Департамент басшысының міндетін атқарушы Қанат Қожахметов.

Спикер сыбайлас жемқорлық фактілеріне тап болғандар тікелей 1424 Call-орталығына жүгіну арқылы 8 тұлға 1 млн көлемінде сыйақыға ие болғандығын атап өтіп, халықты қылмысты жасырмауға шақырды.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button