АТЫРАУ ОБЛЫСЫНДА COVID-19 ІНДЕТІНЕН БІР ТӘУЛІК ІШІНДЕ 16 АДАМ ЖАЗЫЛЫП КЕТТІ

untitled 3 1
Бізді әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Өткен тәулік ішінде Атырау облысында коронавирус инфекциясынан 16 адам емделіп шықты. Оның он төрті ер адам, екеуі әйел адам, – деп хабарлайды облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.
Олардың ішінде 16 адамның 12 – сі Теңіз кенішінің жұмысшылары болса, екеуі Исатай ауданының, ал, қалған екеуі Атырау қаласының тұрғындары.
Коронавирустың бар-жоғын анықтау үшін жасалған соңғы тест теріс нәтиже көрсетті. Жағдайлары – қанағаттанарлық.
Осылайша, Атырау облысында коронавирус инфекциясынан жазылғандар саны 789 адамға жетті.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған