АТЫРАУДАСАРАПТАМА

АТЫРАУ ОБЛЫСЫНДА КОРОНАВИРУС ИНФЕКЦИЯСЫН ЖҰҚТЫРҒАН 44 ЖАҒДАЙ ТУРАЛЫ АҚПАРАТ

«COVID-19 жұқтырған 30 адам Теңіз кенішінде жұмыс істейтін мердігер мекемелердің қызметкерлері.
Олар Теңіз кен орнынан шығар алдында және скринингтен өткен кезде, сондай-ақ инфекция жұқтырған науқаспен қарым-қатынаста болған қызметкерлер», – depti Жедел штаб.

Ал, тағы 13 жағдай Құлсары қаласынан тіркелді. Олар скринингтен өту кезінде және бұрын инфекция жұқтырған науқаспен қарым-қатынаста болған.
Сондай-ақ 1 адам 1977 жылы туған әйел адам, Мақат ауданының тұрғыны.

Қазіргі уақытта науқастармен байланыста болған адамдар анықталуда.

Ауру ошақтарында эпидзерттеу жұмыстары, дезинфекциялық жұмыстар жүргізілуде.

30.05.2020 жағдай бойынша аймақта COVID-19 жұқтырған
1024 адам анықталды.
Жазылып шыққандар саны – 294 .

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button