АТЫРАУ ОБЛЫСЫНДА КОРОНАВИРУСПЕН АУЫРҒАНДАР САНЫ 1232-ГЕ ЖЕТТІ

coat of arms of atyrau
Бізді әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Өткен тәулікте Атырау облысында коронавирус инфекциясын жұқтырудың белгілері бар 5 адам тіркелді.

3 адам Атырау қаласының тұрғындары. Олардың екеуі 1992, 1999 жылы туған әйел адам, ал біреуі 1995 жылы туған ер адам. Барлығы ЖРВИ белгілерінің бар болуына байланысты медициналық көмекке жүгінген.
Ал тағы 2 жағдай Қызылқоға ауданынан тіркелді. Олар 1968, 1971 жылы туған ер адамдар.Олардың біреуінен скринингтен өту кезінде анықталса, екінші науқас инфекция жұқтырған науқаспен қарым-қатынаста болғандықтан одан зертханалық сынамалар алынды.

Қазіргі таңда науқастар жұқпалы аурулар ауруханасына оқшауландырылып, хаттамаға сәйкес ем қабылдап жатыр.

Ауру ошақтарында эпидзерттеу жұмыстары, дезинфекциялық жұмыстар жүргізіліп, қарым-қатынаста болғандар анықталуда.

11.06.2020 жағдай бойынша аймақта COVID-19 жұқтырған 1232 адам анықталды.
Жазылып шыққандар саны – 876.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған