САРАПТАМА

АТЫРАУ ОБЛЫСЫНДА ТАҒЫ БІР АДАМ СУҒА БАТЫП КЕТТІ

Атырау облысының ТЖД берген мәліметіне сәйкес, 2020 жылғы 11 маусым күні кешкі сағат 18:07-де Қызылқоға ауданы Миялы ауылынан 25 шақырым жердегі Ойыл өзенінде 1972 жылы туған ер адамды іздеу жұмыстары басталған. Алдын-ала деректер бойынша ол арнайы жабдықталмаған жерде шомылу кезінде суға батып кеткен.

Сол күні сағат 19.30-да Атырау облысы ТЖД-нің 5 қызметкері мен 1 бірлік техникасы және жергілікті тұрғындардың көмегімен, суға батып кеткен адамның денесі табылып, жағаға шығарылды.
Өлімнің нақты себебі сот-медициналық сараптамадан кейін анықталады. Соңғы 10 күн ішіндегі бұл Қызылқоға ауданындағы суға кетудің үшінші оқиғасы.
«Атырау қаласының тұрғындары мен қонақтары, жабайы жағажайларда шомылмаңыздар, бұл өз өмірлеріңізге қауіпті!», – деп ескерту жасайды Атырау облысының Төтенше жағдайлар департаменті.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button