АТЫРАУДАСАРАПТАМА

АТЫРАУ ОБЛЫСЫНДА ТАҒЫ БІР «СЕРВИСТІК ӘКІМДІК» АШЫЛДЫ

Биліктің ашықтығы мен қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында облыста тағы бір сервистік әкімдік ашылды.

Жылыой ауданынан бастау алып, қазіргі күні облысқа қарасты 6 ауданға үлгі ретінде ұсынылып отырған «Сервистік әкімдік» бүгін Исатай ауданында ашылды. Онда ауданның барлық мемлекеттік қызмет түрін көрсететін бөлімдері шоғырлануда. Аққыстаудағы ұядай ғана ғимаратқа Исатай ауданы әкімінің аппараты, білім беру, сәулет және қала құрылысы, жер қатынастары, жолаушылар тасымалы және автомобиль жолдары бөлімдері, жұмыспен қамту орталығы сияқты нағыз жұрт жиі іздейтін ресми органдар қоныстанды.

«Сервистік әкімдіктің» тағы бір ерекшелігі, бұл жерде әдеттегідей кілем төселген дәліз бойына қаздай тізілген емен есікті кабинеттер жоқ. Барлық атқарушы органның қызметкерлері «Open space» әдісімен, ашық кабиналарда отырып жұмыс істеуде. Сонымен қатар ғимаратқа кіре салысымен, арнайы бағыт сілтейтін маман да, балалар ойнайтын алаң және өз-өзіне қызмет көрсету бұрышы жасақталған.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button