АТЫРАУ ҚАЛАСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

whatsapp image 2020 07 09 at 20.33.10
Бізді әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Атырау қаласы әкімінің орынбасары болып Емберген Самат Жұмабайұлы тағайындалды.

Емберген Самат Жұмабайұлы 1979 жылы туған. 2000 жылы Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетін бітіріп, «Тарих пәнінің мұғалімі» мамандығын, ал 2007 жылы «Заңгер» мамандығын алған. 

2005 жылдан бері мемлекеттік қызметте.

Тағайындалғанға дейін Атырау қалалық ішкі саясат бөлімінің басшысы лауазымында  жұмыс жасады.

Бұрынғы қала әкімiнiң  орынбасары Ұлықбек Тiнәлиев басқа жұмысқа ауысуына орай, қызметiнен өз еркімен босатылған.