АТЫРАУДАСАРАПТАМА

АТЫРАУ ТҰРҒЫНЫ АУЛАСЫНДА ЕСІРТКІ ШӨПТЕРІН ӨСІРГЕН

Полиция қызметкерлері «Қара сора» алдын-алу шарасы барысында, қала шетінде орналасқан Еркінқала селосы тұрғынының үйінің ауласынан заңсыз өсірген 1898 түп қара сора тауып тәркіледі, – деп хабарлайды Атырау облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Тексеру барысында, полицейлермен осы мекен-жайдан бұдан басқа кептірілген сора табылып, алынды. Сараптама қорытындысымен кепкен сораның салмағы 1 килограмм 25 грамм болып шықты.
Қазіргі кезде сотқа дейінгі тергеп-тексерулер ҚР Қылмыстық Кодексінің 300 және 296 баптары, «Құрамында есiрткi заттар бар, өсiруге тыйым салынған өсiмдiктердi заңсыз егіп-өсіру» және
«Есірткі, психотроптық заттарын, сол тектестермен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу» бойынша жүргізілуде, – depti Департамент бастығының орынбасары Нұрхат Оразбаев.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button