АТЫРАУДА ГАЗ ЖАРЫЛЫСЫНАН 4 АДАМ ЗАРДАП ШЕКТІ

20200521134448 88774
Бізді әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

  «2020 жылдың 21 мамырында сағат 08:15-те диспетчерлік қызметтің пультіне Құрманғазы ауданы, Құрманғазы селосында орналасқан жеке меншік тұрғын үйде табиғи газдың таралуынан, газ плитасының жылтыр қосылымында газ-ауа қоспасының жарылуы болды», – деп хабарлайды Атырау облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

Жарылыс салдарынан тұрмыстық заттар мен жиҺаздардың жануы, 100 м.кв. болатын үйдің төбе жабындысының жануына ұласты. Сағат 09:48-де өрт толықтай ауыздықталды . Оқиға салдарынан 4 адам күйікпен ауруханаға жеткізілді. Оның ішінде 3 адам бет және қол күйігімен орташа дәрежелі ауыр, ал 1 адам 90% денесінен күйік алып ауыр  жағдайда жатыр.

     ТЖД-нен  20 қызметкер 3 бірлік техника жұмылдырылды.

20200521134431 93888

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған