АТЫРАУДА КҮННІҢ КҮРТ ЫСУЫ КҮТІЛУДЕ

de671b891689b2b0940054a746914aa0
Бізді әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Еліміздің бірқатар өңірін басып өтетін антициклонның ықпалымен Атырау облысында алдағы күндері ауа температурасы көтеріледі.

«30 тамыз күні кей жерлерде жаңбыр мен бұршақ жауып, дауыл тұрып найзағай ойнауы мүмкін. Жел солтүстік, солтүстік-шығыстан 9-14 м/с, 30 тамызда кей жерлерде 15-20 м/с. Ауа-температурасының аздап көтерілуі түнде 13-18 С жылыдан, 16-21 С жылыға дейін, апта соңында 10-15 С, ал облыстың оңтүстігінде 18 С жылыға дейін төмендейді. Күндіз 30-35 С, облыстың оңтүстігінде 38 С жылыдан 33-38 С жылыға дейін көтеріледі, апта соңында 25-30 С, ал облыстың солтүстік-шығысында 22 С жылыға дейін төмендейді«, – depti «Қазгидромет» РМК Атырау облысы бойынша филиалының ауа райын болжау бөлімі.

Айта кетейік, бүгін атыраулықтарға 112 нөмірінен 29.08 күні 360 С ыстық болады деген хабарлама келген болатын. Бұл КСЕLL операторларынан кеткен қателік деп түсіндірді «Қазгидромет» синоптиктері.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған