АТЫРАУДА ҚАЙТАДАН КАРАНТИН ЖАРИЯЛАНУЫ МҮМКІН

e90fd75fa1b2839ece79e2dbb11bf5f5
Бізді әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

 Бұл туралы Атырау облыстық Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен онлайн-брифингте Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті басшысының орынбасары Амантай Жұмағалиев мәлімдеді.

«Өздеріңіз білесіздер, кеше Атырау облысында COVID-19 инфекциясынан алғашқы екі өлім тіркелген болатын. Сондай-ақ, науқастардың да саны күннен-күнге артуда. Соңғы екі аптаның ішінде ауру жұқтырудың 27 жаңа жағдайы тіркеліп отыр. Егер осылай жалғаса берсе өңіріміздегі санитарлық-эпидемиологиялық жағдай нашарлап кетуі мүмкін. Сондықтан карантиндік шараларды қатаңдату жағын қарастырып жатырмыз» , – depti Амантай Жұмағалиев.

Айта кетейік, қазіргі таңда Атырау облысында коронавируспен ауырған 1175 адам тіркелген. Оның 606-сы емделіп шықты, 2 науқас қайтыс болды.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған