САРАПТАМА

АТЫРАУДА СУ ЖАҒАСЫНДА ДЕМАЛҒАНДАРДЫҢ ҮСТІНЕН ХАТТАМА ТОЛТЫРЫЛДЫ

Атырау полицейлері республикалық «Таза Қазақстан» шарасы аясында рейдтік іс-шараларды одан әрі жалғастыруда.

31 шілде – 3тамыз күндері Атырау қаласы аумағында полиция қызметкерлерімен су қоймаларының маңайларындағы азаматтардың жаппай келу орындарында 132 құқықбұзушылық анықталды.

Деректердің басым бөлігі Жайық жағалауларында белгіленбеген жерлерде суға түсу.
Тәртіп сақшылары ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 364 бабы «Ортақ су пайдалану қағидаларын бұзу» бойынша осы үш күнде 111 хаттама толтырды.

Құқық бұзғандардың 12-ға жуығы масаң күйде суға түсу, жағалауда алкогольдік ішімдіктерді iшу, қоғамдық орындарға масаң күйде келгендер.

Сонымен қатар, ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 505-бабы «Қалалар мен елдi мекендердiң аумақтарын абаттандыру қағидаларын бұзу, жасыл екпелерді жою және бүлдіру» бойынша 15 хаттама жасақталды.

ҚР ӘҚБтК 434 бабы “Ортақ пайдаланылатын орындарды ластау» бойынша 3 құқық бұзушыға хаттамалар рәсімделіп, жауапкершілікке тартылды.

Сонымен қатар, полиция қызметкерлері Индер ауданындағы Тұздыкөл аумағында, аудан орталығындағы Жайық жағалауларында 7 әкімшілік құқық бұзушылықтарды анықтады.

Бұдан бұрын хабарланғанындай, Атырау полицейлері Экология департаментінің өкілдерімен бірлесіп, экологиялық құқық бұзушылықтарды анықтауға, жолын кесуге бағытталған республикалық “Таза Қазақстан» жедел профилактикалық іс-шарасын жүргізуде.
Аталмыш шара 30 тамызға дейін жалғасады.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button