АТЫРАУДА СУҒА БАТЫП КЕТКЕН ЖІГІТТІҢ ДЕНЕСІ ӘЛІ ТАБЫЛМАЙ ЖАТЫР

brat
Бізді әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

  2020 жылдың 13 маусымында Атырау қаласының «Геолог» кентінде Жайық өзенінде Атырау облысы ТЖД «ЖҚЖ» күшімен 1993 жылы туған жас жігіттің денесін іздестіру жұмыстары басталған болатын.

Куәгерлердің айтуынша, жігіт достарымен табиғат аясындағы демалыста болған және шамамен сағат 17:10-да арнайы жабдықталмаған жерде суға шомылу кезінде суға батып кеткен.

«Іздестіру жұмыстары нәтиже бере қоймағандықтан, қазіргі сәтте жалғасын табуда», – depti Атырау облысының Төтенше жағдайлар департаменті.

Сондай-ақ ТЖД мамандары қала тұрғындары мен қонақтарына «арнайы жабдықталмаған жерлерде суға шомылмауды» ескертеді.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған