22 маусым күні УГ-157/1 мекемесінде ҚР ҚК-нің 188-бабы 4-бөлімімен ұсталып отырған Сармуханов Ерболат Сагидоллаевич атты 1981 жылы туған азаматқа сәлем-саухат қабылдау бөлмесі арқылы шайдың ортасына салынып жеткізілмек болған 1 дана ұялы телефон тәркіленді.
Тексеру тобының бақылаушысы әділет аға сержанты Дилара Змаратқызы өз жұмысының маманы екенін тағыда дәлелдеді.
Сәлемдеме алып келген азаматқа азық-түлікті қабылдап алу барысында тиым салынған заттар табылғаны үшін ҚР әкімшілік құқық бұзушылықтың 481-ші бабы бойынша жауапқа тартылатындығы ескертілді.
»Азық-түліктің арасына телефон тығып арам пиғылын іске асырмақшы болған азаматтан түсініктеме алынып, іс-құжаттар жинақталып шешім шығару үшін сотқа жолданды. Қабылданған шешімдер қосымша жарияланады», – depti аталған мекеменің баспасөз қызметі.