САРАПТАМА

АТЫРАУДАҒЫ ДӘСТҮРЛІ МАРАФОН БИЫЛ ОНЛАЙН ТҮРІНДЕ ӨТЕДІ

Биыл, пандемияға байланысты марафон форматы өзгеше түрде ұйымдастырылады. Марафон 22 қыркүйек пен 31 қазан аралығында онлайн түрде өтеді, – деп хабарлайды Атырау облыстық коммуникациялар қызметі.

Марафонға тіркелу «INFINITY FITNESS» клубында (Атырау қаласы, Құрманғазы 12) өтеді. Әр қатысушыға жеке реттік номері беріледі. Қатысушы өзі қалаған жерде көрсетілген күндер аралығында жүгіріп, нәтижесін ұйымдастырушыларға жібереді. Бұл туралы ӨКҚ-де өткен брифингте Атырау облысы Дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысы Ринат Ибрагимов мәлімдеді.

Биылғы жылы әдеттегідей халықтың басын қосып, ауқымды шара өткізудің реті болмай отыр. Сол себепті марафон тек онлайн форматта өтеді. Бұл жерде жеңімпаздар анықталмайды. Басты мақсат жарыс емес, ең алдымен өз-өзімен күрес, карантин кезінде тұрғындардың спортқа деген қызығушылығын арттыру,- depti Ринат Ибрагимов.

f548eafb 8eab 41f0 a287 b559895663c9

Әдеттегідей марафон әр түрлі жас ерекшеліктері бойынша әр түрлі қашықтықтарда өтеді. 10-15 жас аралығындағы балалар арасында 1,2 (3 айналым) және 16 жастар жоғары жасөспірімдер үшін 3 км. (8 айналым). Балаларға қатысу тегін. Алғаш болып тіркелген 10-15 жас аралығындағы 450 балаға және 16 жастан жоғары 700 жасөспірімге естелік медальдар беріледі.
Ал, ересектер арасында онлайн жүгіріс аптаның кез-келген уақытында өз қалаулары бойынша 10, 21 және 42 км. қашықтықта өткізілу жоспарлануда.
Биылғы жарна көлемі ересектерге 1000 тг. Белгіленген уақытта қашықтықты бағындырған жандар өз нәтижелерін ұялы телефондағы жүктелген қосымшасы (приложение) арқылы ұйымдастырушыларға жолдап, естелік медальмен және сертификатпен марапатталатын болады.

Айта кетейік, барлық жиналған қаражат «Атырау – шағын мемлекет» қоғамдық бірлестігіне табысталатын болады.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button