АТЫРАУДАСАРАПТАМА

АТЫРАУЛЫҚ ЖАСТАР ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫЛЫҒЫН СУРЕТ АРҚЫЛЫ БІЛДІРДІ

Өткен аптада «Атырау адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің ұйымдастыруымен «Жемқорлықсыз жаңа әлем» онлайн сурет байқауы өткізілді.

Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәдениеттілікті арттыруға, жастар арасында сыбайлас жемқорлық іс-әрекетін түсіндіруге, сурет өнеріндегі жастардың жеке қабілетін дамыту, шығармашылық және көркемдік қабілеттерін жетілдіруге бағытталған байқауға облыс бойынша 32 қатысушыдан суреттер келіп түсті.

         Байқауға қатысушылардың жас айырмашылықтары 16 жастан шектелсе, ең жас қатысушы 8 жаста. Қоғамдағы әділетсіздік пен алауызды бейнеленген әрбір көркем суреттерді ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша  бірінші орынбасары Айдос Мамыт, «Атырау адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі Альфия Адиева, жобалық кеңсе менеджері Ания Тулешова, «Баттиками» мәдени қорының жетекшісі Камила Жапалова, Атырау облысы бойынша «Азаматтық альянс» Президентінің м.а Алена Асамбаевалар жеке- жеке тоқталып, талқыға салды.

Нәтижесінде, 1 орынды Атырау қаласынан қатысушы Вячеслав Бөбек, 2 орын Қызылқоға ауданынан қатысушы Ардаққызы Саманта, 3 орынды Құрманғазы ауданынан қатысушы Манарбекұлы Олжас иемденіп, ең жас қатысушы Қадір Нұрділдә комиссия мүшелерінің шешімімен арнайы сыйлыққа лайықты деп танылды.

Айсәуле Ардақ

«Атырау адалдық алаңы» жобалық кеңсе менеджері

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button