АТЫРАУДАСАРАПТАМА

АТЫРАУЛЫҚТАР ТОПАН СУ БАСҚАН ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ АУЫЛДАРЫНА НЕ БЕРМЕК?

«Атырау облысы әкімдігінің ұйымдастыруымен су тасқынынан зардап шеккен Түркістан облысының ауылдарына көмек көрсету үшін қаржы жинау басталды», – деп хабарлайды Атырау облысының өңірлік коммуникациялар қызметі.​

Өзбекстандағы су қоймасы бөгетінің бұзылу салдарынан Түркістан облысының бірқатар ауылдарын су басқан болатын. Соған байланысты, Атырау облысы әкімдігі зардап шеккен түркістандықтарды қолдауға атыраулықтарды да шақырды.

Көмек бергісі келетін азаматтар үшін «Birgemiz-Atyrau» қоғамдық қоры жұмыс істеп тұр. Қорға жиналған қаражат ​ Түркістан облысына жолданады.

Айта кетейік, әлеуметтік желілерде белсенділердің қала тұрғындарынан заттай және тамақтай көмек жинап жатқан видеолары тарап жатыр.

Қаржылай көмекті төмендегі реквизиттер арқылы көрсетуге болады:

«Birgemiz-Atyrau» Қоғамдық қоры БИН: 200340026134

БИК: HSBKKZKX КБЕ: 18

ИИК: KZ756010141000195651 Ағымдағы есеп шот

«Қазақстан Халық Банкі» АҚ

​#túrkistanǵakómek #túrkistanmenbirgemiz #АtyraýdanTúrkistanǵa

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button