АТЫРАУДАСАРАПТАМА

АУДАН ӘКІМДІГІ 80 МЛН ТЕҢГЕГЕ АВТОКӨЛІКТЕР САТЫП АЛМАҚ (ВИДЕО)

Қызылқоға ауданының әкімдігі 115 млн теңгеге 18 автокөлік сатып алуға ашық конкурс жариялаған болатын. Соның ішінде 2 автомобиль – кроссовер аудан әкімінің орынбасарлары үшін алынуы керек еді. Бірақ, аудан әкімдігі бұл автокөліктерді сатып алмайтын болып шешті. Қазір тек 16 автокөлік сатып алынады, ауыл әкімдері үшін 10 автокөлік, аппарат басшысына 1 және қалған 5-еуі аудандық бөлімдер үшін.

 «Ауылдық мемлекеттік қызметшілердің машиналары шамамен 10 жылдай уақыт жаңартылмай келеді. Бүкіл көлік тозған, осы кезге дейін барлық ауылдық әкімдер жеке автокөліктерін пайдаланып келген. Ал, Қызылқоға ауданының аумағы үлкен, ауылдық округтердің арақашықтығы да едәуір ұзақ.

Сондықтан көлікпен жүріп-тұру мәселесі ауылдық мемлекеттік қызметшілер үшін өзекті болып келді. Осыған сәйкес, 10 ауылдық округ пен 5 аудандық бөлімге автокөлік сатып алу туралы шешім қабылданған болатын», – depti Атырау облысы Қызылқоға ауданы әкімінің орынбасары Айдулат Кенжебеков.

16 автокөлікті сатып алу үшін 80 млн теңге бөлініп отыр.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button