«БЕКІРЕ-2020» КЕҢ АУҚЫМДЫ БАЛЫҚ ҚОРҒАУ АКЦИЯСЫНЫҢ 9 КҮНІ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ

riba
Бізді әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

 Акция басталғаннан бері табиғат қорғау органдары мен шекара қызметінің қызметкерлері 97 табиғат қорғау заңнамасын бұзушылықты анықтады, оның ішінде Атырау облысы аумағында – 84, Маңғыстау облысында – 7, Батыс Қазақстан облысында – 6 бұзушылық. Бұл туралы Атырау облысының Өңірлік комуникациялар қызметі хабарлайды.

Әкімшілік жауапкершілікке 47 бұзушы тартылған.

Акция барысында балық қорғау заңнамасын бұзушыларға 921,2 мың теңге сомасында әкімшілік айыппұл салынды.

Алынған шаралардың нәтижесінде заңсыз айналымнан 1 тонна 103 кг балық, оның ішінде 61,1 кг бекіре тұқымдас балық, 23 бірлік аулау құралы, 6 жүзу құралы және бір автокөлік алынды.

Өткен жылмен салыстырғанда, талдау көрсетіп отырғандай, тыйым салынған уылдырық шашу кезеңіндегі құқық бұзушылықтар мемлекеттік органдардың алдын алу жұмысы нәтижесінде төмендеп келе жатыр, су айдындарында заңсыз жүзу құралдары да, заң бұзушыларда жоқ дерлік.

Мемлекеттік тапсырысты орындау мақсатында бекіре тұқымдас балықтар өсіру зауыттары үшін 27 өндіруші ауланды, оның ішінде 1 – қорытпа аналығы, сондай-ақ, шоқыр мен бекіре аталықтары және аналықтары бар. 

Жыл сайын Жайық өзенінің арнасы барконьерлік аулау құралдарынан сүзіліп, тазартылады. Аталған іс-шаралардың нәтижелерінде Жайық-Каспий бассейні су айдындарынан 394 бірлік заңсыз аулау құралы алынды, басым көпшілігі – «қытайлық» өндірістің мотонталшықтан тоқылған синтетикалық аулары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған