АТЫРАУДАСАРАПТАМА

Исатайлық полицейлер тұрғын үйде шыққан өртті ауыздықтады

Жеке тұрғын үйде 15,7 және 6 жасар үш бала болған. Олардың барлығы дін аман.

Аққыстау селосының Елорда көшесіндегі үйде өрт шықты деген дабылды естіген полиция инспекторлары Ғалымжан Науанов пен Бекжан Мұратқалиев оқиға орнына санаулы минуттарда жетеді.

Жақында ғана полиция департаменті табыс еткен әмбебап құтқару жиынтығы пайдаға асты. Жаңа қораптан өрт сөндіргіш құралды шығарап,ашық жалынға бағыттадық. Көршілермен бiрге уйдегi ер балалар да шелектеп су жеткізіп өртті өшіруге талпынған екен, бірақ ашық жалын біздің құралымыздың көмегімен тез ауыздықталды, – депті  Бекжан Мұратқалиев.

Белгілі болғандай, өрт жапсаржайда тұрған газбен жылыту қазандығынан шыққан.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button