АТЫРАУДАСАРАПТАМА

ҚҰЛСАРЫЛЫҚ КӘСІПКЕРЛЕР БАЗАРЛАР МЕН САУДА ОРЫНДАРЫНЫҢ АШЫЛУЫН ТАЛАП ЕТУДЕ (ВИДЕО)

Атырау облысы Жылыой ауданы Құлсары қаласында бір топ шағын және орта кәсіпкерлік өкілдері жергілікті әкімдік алдына жиналып, өз талаптарын қоюда. Негізгі сұраулары— базарлар мен сауда орындарын ашу.
Себебі, Жылыой ауданның бас санитарлық дәрігері Т.Хабибуллиннің қаулысына сәйкес, онда 18-маусымға дейін карантин жарияланған еді. Аталған қаулыға сай, коронавирус дертінің таралып кетпеуі үшін барлық азық-түлік сатпайтын сауда орындары мен базарлардың жұмыс істеуіне рұқсат берілмеген болатын.
Өйткені, соңғы мәліметтер бойынша, Жылыой ауданы аумағында орналасқан Теңіз кең орнында 1013 коронавирус инфекциясын жұқтыру жағдайы тіркелсе, ауданның елді мекендерінде 43 жағдай анықталды. Оның 33-і Құлсары қаласынан шықты. Атап кетерлігі, науқастардың екеуі күні кеше қайтыс болды.
Қазіргі кезде жиналған кәсіпкерлермен мемлекеттік және құқық қорғау оргнадарының өкілдері кездесіп, түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Олардың арасында Жылыой ауданының әкімі мен ауданның Бас санитарлық дәрігері де бар.
«Облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетовтің тапсырмасымен Құлсары қаласына облыс әкімінің бірінші орынбасары Нұрлан Таубаев аттанды», -деп баяндады Атырау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button