СПОРТТЫҚ НЫСАНДАР САНИТАРЛЫҚ ТАЛАПТАРҒА САЙ МА?

whatsapp image 2020 05 18 at 09.23.08 4
Бізді әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

«Екі айдан астам уақыт төтенше жағдай режимі жарияланғаннан бері  Атырау облысының спортшылары үйлерінде дайындалып, қашықтан онлайн жаттығу жасап келді.

Қазіргі таңда елімізде төртенше жағдай алынғанымен облыста карантин режимі қатаң сақталуда. Сол себепті жатығу жұмыстарына біртіндеп оралатын боламыз. Карантин режимі аяқталған соң жаттығуды барлық санитарлық талаптарға сай өткіземіз», – дейді басқарма басшысы Ринат Ибрагимов.

whatsapp image 2020 05 18 at 09.23.08 3

Бүгін облыстың негізгі құрама командасы жаттығатын нысандар тексерістен өтіп, санитарлық жұмыстар барысы жөнінде арнайы мамандар түсініктеме жұмыстарын жүргізді. Жаттығу залында 30 адамнан артық болмауы және бас санитар бекіткен нұсқаулықтар толық орындалуы тиіс.

«Спортпен айналысамын деушілерге ашық аспан астында, яғни көше тренажерлары мен ашық алаңдарда жаттығу жасап, жүгіруге кеңес береміз. Облыста карантин режимі тоқтатылған соң барлық нысандар жұмысын толықтай жалғастыратын болады. Әзірге спорт нысандарында тек ұлттық құрама сапындағы ересектер мен жастар ғана толық бақылауда жаттығатын болады», – depti Ринат Ибрагимов.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған