СУҒА КЕТКЕН ЖІГІТТІҢ ДЕНЕСІ ҮШІНШІ КҮН ДЕГЕНДЕ ТАБЫЛДЫ

079233fb 4183 49f5 b47a d8843a26131b
Бізді әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Бүгін сағат 07:15-те Атырау қаласына қарасты Геолог кентіндегі Жайық өзенінен, Атырау облысы ТЖД Жедел құтқару жасағының 3 қызметкері мен 1 жүзу құралының күшімен 1993 жылы туылған жас жігіттің денесі судан шығарылды.

Естеріңізге сала кетейік, 2020 жылдың 13 маусымында, куәгерлердің айтуынша, Доссор кентінің 27 жасар тұрғыны достарымен демалыста болған және шамамен 17:10-да арнайы жабдықталмаған жерде суға шомылу кезінде  батып кеткен.