ТЕҢІЗ КЕНІШІНДЕ COVID-19 ДЕРТІНІҢ 15 ЖАҢА ЖАҒДАЙЫ ТІРКЕЛДІ

a78c03be9e828f8eeef3
Бізді әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Атырау облысында коронавирус жұқтырғандар саны 959 адам болды, – деп хабарлайды Жедел штаб.

Қауіпті дертке шалдыққандардың барлығы Теңіз кенішіндегі жұмысшылар. Инфекция 14 ер адам мен 1 әйелден  міндетті скринингтік тексеріс кезінде анықталған.

Қазіргі уақытта науқастар инфекциялық стационарға жатқызылды, оларға алгоритмге сәйкес ем жүргізілуде.

Сондай-ақ, ауру ошақтары мен байланысушы тұлғалар анықталу үстінде.

Айта кетейік, бүгінде Атырау облысында КВИ жұқтырғандар саны 959 адамға жетіп отыр. Ал, жазылып шыққандар саны – 262.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған