ТЕҢІЗ КЕНІШНІҢ 16 ЖҰМЫСШЫСЫ COVID-19 ІНДЕТІНЕН ЖАЗЫЛЫП ШЫҚТЫ

5ec3798db0a7c151847030
Бізді әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Атырау облысында коронавирустан айығып шыққандар саны 224 адамға жетті, – деп хабарлайды Атырау облысының жедел штабы.

Жедел штабтың мәліметінше, бүгін, 23 мамыр күні инфекциялық стационардан 17 адам шығарылған.

Олардың он алтысы – Теңіз кенішнің қызметкерлері. Атап айтқанда, 14 ер адам мен екі әйел.

  • Ал, коронавирустан сауығып шыққан он жетінші адам – облыстық перинаталдық орталықтың 29 жастағы пациенті, – дейді Жедел штаб.

Олардың барлығында коронавирустың бар-жоғын анықтау үшін жасалған соңғы тест нәтижесі теріс көрсеткіш көрсеткен.

Осылайша, Атырау облысында коронавирус инфекциясынан айыққандар саны 224 адамға жетті.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған