ҰБТ-2020: АТА-АНАЛАРДЫҢ БІРГЕ КЕЛУІНЕ РҰҚСАТ ЖОҚ

ent 2019 6
Бізді әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Биыл коронавирус індетіне байланысты қазақстандық түлектердің ата-аналары мен туысқандары ҰБТ пунктерінің аумағына кіргізілмейді. Бұл туралы білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мәлімдеді деп хабарлайды Altaynews порталы.

«Ата-аналарға және басқа адамдарға балаларды ҰБТ өткізу пунктерінде күтуге тыйым салынады. Ата-аналар үшін ҰБТ барысын сол жерге келмей-ақ, үйінде отырып көру үшін онлайн көрсетілім ұйымдастырамыз», – деді министр үкімет отырысында.

Сонымен қатар, ҰБТ өткізу пунктері баррикадалық ленталармен жабдықталады. Түлектерді пунктерге кіргізу кезінде екі метр ара қашықтық сақталады. Аудиторияларда да талапкерлер бір-бірінен екі метр алшақ отырады. Сондықтан, Аймағамбетовтің айтуынша, ҰБТ өткізу пунктерінің тек 50 проценті ғана толтырылады. 

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған