САРАПТАМА

Атырау еріктілері бас қосты

 ҚР Президентінің 2019 жыл 26 тамызындағы №135 Жарлығымен 2020 жыл  Волонтерлер жылы болып жарияланды. Қазақстан халқы Ассамблеясының волонтерлер жылына арналған жалпы республикалық  «Ашық есік» күні өтті. Волонтерлер жылына арнайы тұжырымдама әзірленіп, ол 4 бағыт бойынша жүргізіледі.  Атап айтсақ: «Бірлік», «Білім», «Тәрбие», «Келісім».   Волонтерлердің басты қағидаларының бірі  өз еркімен қатысуында. Жалпы волонтер яғни ерікті деген кім?

Ерікті дегеніміз – адамның өз еркімен ақысыз көмек көрсетуі. Яғни қарттарға, науқастарға, дәрігерлерге және т.б. көмекке мұқтаж ұйымдарға ерікті түрде, көмек көрсету. Бұл жерде 11 жыл бойы волонтер болып жедел-жәрдем қызметіне көмектесіп келе жатқан Арман деген азаматты атап өткен жөн.

«Жылпы облыс көлемінде шамамен 27 ерікті топ қайырымды іс жасап келеді.   ҚР Президенті 2020 жылды «волонтерлер» жылы деп жариялағандықтан, арнайы грант бөлу қарастырылып жатыр. Кез келген ерікті өз жобасын ұсына алады. Жастар тарапынан белсенділік болса, өз кезегімізде мейлінше қолдауға дайынбыз» – депті Атырау облысы Жастар саясаты мәселелері басқармасының басышысы Құспан Роллан Қабиұлы.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button