АТЫРАУДА

АТЫРАУ ОБЛЫСТЫҚ ШҰҒЫЛ ШТАБЫНА ТҰРҒЫНДАР ТАРАПЫНАН СҰРАҚТАР КӨП

Атырау облысында коронавируспен күрес жөніндегі Шұғыл штаб жұмысы басталған 3 тәулік ішінде көптеген сұрақ пен ұсыныс түскен, деп хабарлайды Атырау облыстық коммуникациялар қызметі.

Бұл туралы Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетовтің қатысуымен ӨКҚ-де өткен онлайн брифингте белгілі болды.

-Келіп түскен сауалдарға облыстың Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің соңғы қаулысы негізінде жауаптар берілді. Сондай-ақ, тұрғындар тарапынан айтылған ұсыныстар негізінде, қаулыға тиісті өзгерістер енгізілді. Нәтижесінде дәріханалардың жұмыс кестесі алғашқы күндері сағат 18.00-ге дейін болса, қазір сағат 22.00-ге дейін ұзартылды. Ал, букмекерлік кеңселер мен кальян барлардың жұмыстарына тыйым салынып, тұрғын үй маңында орналасқан шағын азық-түлік дүкендеріне жұмыс жасауға рұқсат етілді, – depti облыс әкімі.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button