АТЫРАУДА

АТЫРАУ ОБЛЫСЫНДА КОРОНАВИРУСПЕН КҮРЕС ЖӨНІНДЕГІ ШҰҒЫЛ ШТАБ ҚАЙТА ҚҰРЫЛДЫ

Коронавирус инфекциясымен  күрес жөніндегі аймақтық жедел штабтың құрылуы туралы облыстың бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысында айтылған, – деп хабарлайды Атырау облыстық коммуникациялар қызметі.
Бұл туралы ӨКҚ-нің баспасөз орталығында өткен онлайн-брифингте белгілі болды. 
 – Атырау облысының әкімдігіне коронавирус инфекциясымен күресу жөніндегі аймақтық жедел штаб құру тапсырылды.  Штаб шектеу шаралары мен талаптардың орындалуын бақылауды қамтамасыз етуі керек.  Қажет болған жағдайда, қатаң карантиндік шараларды енгізу туралы ұсыныс білдіре алады, – depti Атырау  облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасы басшысының орынбасары Сүлеймен Әубәкіров.    
 Айта кетейік, Атырау облысында 5 шілде сағат 00-ден бастап 19 шілдеде сағат 00:00-ге дейін қатаң шектеу шаралары енгізіледі. Бұған дейін Жылыой ауданы мен Теңіз кен орнында енгізілген карантиндік шектеулер сақталады.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button