АТЫРАУЛЫҚТАР ДӘРІХАНАДАҒЫ ДӘРІ БАҒАСЫНЫҢ СЕБЕПСІЗ ӨСІМІНЕ ШАҒЫМ ТҮСІРЕ АЛАДЫ

xxxl
Бізді әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Атырау облысының әкімдігі «ФармҚауымдастық» қоғамдық бірлестігімен және Атырау облысы бойынша тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментімен меморандумға қол қойды, – деп хабарлайды Атырау облыстық коммуникациялар қызметі.

Мұндағы мақсат – дәрілердің бағасын бақылауда ұстап, әр адамға тиесілі көлемін ғана сату. Осы жұмыстар аясында «Вердант» деп аталатын косметологиялық кабинеттің заңсыздығын әшкереленді. Аталған кеңсе лицензиясыз, елімізде тіркелмеген фармацевтикалық өнімдердің жүзден астам түрін сатып келген. Бұл туралы ӨКҚ-де өткен онлайн брифингте Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов айтты.

  • Облысымызда бірнеше бақылаушы органдардан құралған мобилдік топ құрылғанын айта кетейін. Олар дәрі-дәрмектің бағасын шарықтатпауды қадағалайды. Бағаны шекті бағасынан асырғандар заң шеберінде жауапқа тартылатындығын ескертемін және оларды анықтау жұмыстары әлі де жалғасады, – деп нақтылады облыс әкімі.

Атыраулықтар дәріханадағы дәрі бағасының негізсіз көтерілуі бойынша 8 (7122) 35 42 10 байланыс нөміріне шағым түсіре алады.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған