САРАПТАМА

Атырауда қысқы марафон өтеді

Қашықтығы 6 шақырымды құрайтын жүгіріске қатысушылар «Ретро-саябақтан» орталық көпірге дейін барып, кері келулері керек.

Шара «Infinity Fitness» фитнес клубының бастамасымен және Атырау қалалық әкімдігінің қолдауымен дәстүрлі түрде өткізіліп келеді.

«Сайысқа алдын ала тіркеліп, ақылы түрде қатысуға да болады. Сөйтіп, естелік сыйлыққа ие болу мүмкіндігі тағы бар. Ал, сол күні ғана келгендерге арнайы дипломдар қарастырылған. Қысқасы, ешкім де құр қол қайтпайды. Ендеше, барлығыңызды 26 қаңтар күні сағат 11:00-де «Ретро-саябақта» күтетін боламыз»,-депті ұйымдастырушылар.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button