АТЫРАУДА

БАЛАЛАР КӨПҚАБАТТЫ ҮЙДІҢ ШАТЫРЫНДА ОЙНАП ЖҮРГЕН

«Нұрсая» ықшам ауданындағы №14 үйдің шатырында ойнап жүрген балаларды қарама-қарсы үйдің тұрғыны түсіріп алған видео ғаламтор желісінде тарап кеткен болатын.
«Атырау қаласы полиция басқармасымен аталған дерек бойынша «Нұрсая» ықшам ауданының пәтер иелері кооперативіне ескертілді. Қазіргі уақытта құзырлы мекемелермен аталған ықшам аудандағы №14 үйдің шатырына шығатын есіктер дәнекерленіп, құлып салынды.
Бүгінгі күні учаскелік полиция инспекторлары пәтер иелері кооперативтері басшыларымен бірлесіп көп қабатты үйлердің шатырларына тексерістер жүргізуде», – depti полиция департаментінің баспасөз қызметінде.
Сондай-ақ ішкі істер органдары ата-аналарға демалыс уақыттарында балалардың қауіпсіздігін қатаң қадағалауды ескертті.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button