БАЛАЛАРҒА ҚАРБЫЗДЫҢ ҚАБЫҒЫН ЖЕГІЗГЕН ЖІГІТ ҰСТАЛДЫ (ВИДЕО)

5eff3c28e7586948953360
Бізді әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Түркістан облысында балаларға қарбыздың қабығын мәжбүрлеп жегізген ер адам ұсталды. Ол Ордабасы ауданының тұрғыны болып шықты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кеше соған қатысты әлеуметтік желілерде тараған видео полицияның назарына іліккен. Онда ер адам былапыт сөздерді айтып, екі кішкентай ұл балаға қарбыздың қабығын мәжбүрлеп жегізеді. Полицейлер қоғамдық резонанс тудырған бейнежазбаның авторын бір тәулік ішінде анықтап, ұстады.

Ордабасы ауданының тұрғыны бұл жәйт өткен жылдың тамыз айында болғанын айтып, өз кінәсін толық мойындаған. Сондай-ақ, тәртіп сақшылары видеодағы балаларды тапқан.

«Екі баланың да ата-анасы полицияға арызданды. Сол арыздардың негізінде Қылмыстық кодекстің 389-бабы («Өздігінше билік ету») бойынша іс қозғалып, тиісті сараптамалар тағайындалды. Сараптама қорытындысы негізінде анықталған азаматқа қатысты тиісті шара қолданылатын болады», – depti Түркістан облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Салтанат Қаракөзова.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған