Бір күнде екі көлік өртенді

1359046912 mashina gorit
Бізді әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Батыс Қазақстан облысында бір күнде екі автокөлік өртенді.

БҚО ТЖ департаментінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға кеше Бөрлі ауданы мен Орал қаласында орын алды. Бөрлі ауылында сағат 16.23-те жеке үйдің ауласында 2009 жылы шығарылған «ГАЗель» көлігі жанған. Сол секілді Зачаган кентінде Целинная көшесі 32-үйдің ауласында сағат 22.45-те 2014 жылы шығарылған «УАЗ Патриот» автокөлігі өртенген. Қазіргі кезде өрттің шығу себебі, кінәлі адамдар, келтірілген шығын анықталуда. Осымен биыл облыста отқа оранған автокөліктер саны 100-ге жетті.

Дереккөз: inform.kz


Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған