САРАПТАМА

Нұрсая ықшамауданының қарызы 30 млн теңге жетті

Нұрсая ықшамауданының тұрғындары тарапынан шағымдар жиі түседі.

 «Нұрсая ықшамауданындағы жылу мәселесі бойынша бірнеше рет рейд жүргізілді. Шақыртудың жиілігі біздің негізгі жұмысымызды жасауға бөгет болуды. Тұрғындардың мәдениеттілік нормаларына сай келетін әрекеттері аз. Кейбір тұрғындар заңға қайшы іс әрекет жасайды. Мысалы рейд барысында 64 үйдің тұрғыны үйіне «насос» орнатқан. Ол өрескел заң бұзушылық. Сонымен қатар үйлерге «жылы еден» орнатқан. Яғни тұрғындар жылуды тиісті мөлшерден артық паайдаланғандықтан, басқа үйлерге жылудың біргелкі тарауына бөгет жасап отыр» – депті Қаладағы үйлерге коммуналдық қызмет көрсету ЖШС директорының уақытша міндетін атқарушы Қуанышев Қайрат Құлмұхамедұлы.

«Қасақана төлемдерді төлемеушілер» төңірегінде дау туды..  Тұрғындар коммуналдық төлемдерді төлемей отыр. Бүгінде газды пайдаланғаны үшін төленбеген қарыз 30 000 000 жеткен. Қорқыныштысы, төлеген тұрғындардан төлемегендердің басым болуы. Осы тұста қомақты қарызға бола, газды ажыратып тастаса, жылу мүлде өшіп қалады. Себебі коммуналдық шаруашылық кейбір тұрғын үйлерді газбен жылытып отыр. «Қаладағы тұрғын үйлерге коммуналдық қызмет көрсету» ЖШС қарызын төлемеген тұрғындарға белгілі бір уақыт беріп, төлемеген жағдайда ісі сотқа жіберілетіндігін ескертеді.

Жиын қорытындысы бойынша, арнайы жасақталған жұмыс тобы құрылды. Енді әр аптаның үшінші күні арнайы жасақ рейд жүргізеді. Алғашқысы 29 қаңтарда кешкі 19:00-де 67 үйден бастайды.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button