НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВ КОРОНАВИРУСТАН ЖАЗЫЛЫП ШЫҚТЫ

3 2 1024x760 1
Бізді әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Бұл туралы Елбасының баспасөз хатшысы Айдос Үкібай өзінің Twitter парақшасында хабарлады.

«Елбасының КВИ-ға тапсырған бүгінгі тесті теріс нәтиже көрсетті. Дәрігерлердің ұсыныстарына сәйкес, Нұрсұлтан Назарбаев өзін-өзі оқшаулау режимін сақтауды, қашықтан жұмыс істеуді және таза ауада серуендеуге уақыт бөлуді жалғастырады», – depti Айдос Үкібай.

Айта кетейік, экс-президенттің қауіпті індетті жұқтырғаны туралы ақпарат 18 маусы күні тараған болатын.