АТЫРАУДА

АТЫРАУДА 18 ЖАСТАҒЫ ЖІГІТКЕ ТҰРМЫСҚА ШЫҚПАҚШЫ БОЛҒАН 13 ЖАСАР ҚЫЗ ҮЙІНЕ ҚАЙТАРЫЛДЫ

Осыдан бірнеше күн бұрын Қызылқоға ауданының 2002 жылғы тұрғыны 2007 жылғы қызды келін қылып түсіргені туралы ақпарат әлеуметтік желіні шулатқан еді. «Аталған жағдай бойынша құқық қорғау органдары тексеріс жүргізді», – деп хабарлайды Атырау облыстық Полиция департаменінің баспасөз қызметі.

Қызылқоға аудандық полиция бөлімінің ювеналды полиция  қызметкерлері қыздың анасын шақыртып, жасөспірімді медициналық тексерістен өткізген. Дәрігерлердің қорытындысы бойынша, қыз баланың жыныстық қатынасқа түспегендігі анықталған. Полиция қызметкерлері осы іске қатысы барларға, 16 жасқа толмаған адаммен жыныстық қатынас жасағаны үшін ҚР ҚК 122-бабына сәйкес, қылмыстық жауапкершілік бар екендігі туралы профилактикалық әңгіме жүргізіп, қызды үйіне қайтарды.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button